Armandarğa bırge

Программа She’s Next. Empowered by Visa в Центральной Азии создана для поддержки женщин в бизнесе, которые управляют, финансируют, развивают или только планируют начать собственный бизнес.

КҮН
САҒАТ
МИНУТ

білім беру бағдарламасының басталуына қалған уақыт

Қазақстандағы She’s Next үшінші толқыны

She’s Next. Empowered by Visa – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға бағытталған жаһандық бастама.

Қазақстанда жоба өз жұмысын бастаманың бірінші толқыны кезінде, яғни 2021 жылы бастады. 2022 жылы Орталық Азияның кәсіпкерлері қатысқан екінші толқын болды. Осы екі жыл ішінде бұл бастамаға 9500-ден астам әйел қатысты.

Биылғы жылы бастаманың 2022 жылдан бері ресми серіктесі болып табылатын Visa және Halyk Bank Қазақстанның әртүрлі қалаларынан келген кәсіпкерлерді She’s Next-ке қосылуға шақырады.

ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

Бастамаға қатысу үшін She’s Next жаһандық платформасына тіркелу қажет.

Төмендегі түймені басып, сіз толтыру қажет сауалнаманы көресіз.
Тіркеуден өткен соң сізге тіркеудің расталғаны туралы хат келеді.

КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ

Жобаға жеке кіші немесе шағын бизнесі бар Қазақстан Республикасының азаматшалары, сондай-ақ Қазақстан азаматшалары болып табылатын жаңадан кәсіп ашуды жоспарлап жүрген кәсіпкер әйелдер қатыса алады. Жобаның мәресіне жету үшін әйел кәсіпкерлер бірнеше кезеңнен өтуі керек.

She’s Next ресми Telegram арнасы

Барлық жаңалықтар мен маңызды хабарландыруларды біліп отыру үшін бастаманың ресми Telegram арнасына қосылыңыздар. Бұл арна бастаманың ұйымдастырушылары мен қатысушылары арасындағы басты коммуникация арнасы болады. Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз оларды біздің чат модераторына қоя аласыз.

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

20 000 000 теҢге

Байқау қорытындысы бойынша төрт жеңімпаз анықталады

7 миллион теңгеден

өз бизнесін дамытуға Алматы қаласында өтетін финалдық іс-шарада сарапшы қазылар алқасының таңдауымен «Қолданыстағы бизнес» және «Бастаушы бизнес» санаттарында бір-бірден екі жеңімпаз алады.

3 миллион теңгеден

өз бизнесін дамытуға онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша «Қолданыстағы бизнес» және «Бастаушы бизнес» санаттарында бір-бірден екі жеңімпаз алады.

Эксклюзивті жеңілдікті қаржыландыру

Оқу кезеңін аяқтағандар үшін

Оқуды аяқтағаны туралы сертификаттары бар барлық қатысушылар үшін Halyk 8 пайыздық мөлшерлемемен 20 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен қаржыландыру беруге дайын.

«Халық таңдауы» кезеңінің жеңімпаздарына

Онлайн дауыс берудің екі жеңімпазына Halyk 8 пайыздық мөлшерлемемен 30 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен қаржыландыру береді.

Финалдық кезеңнің жеңімпаздары

 Halyk «Қолданыстағы бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазға – 8 пайыздық мөлшерлемемен 50 миллион теңгеге дейін, ал «Бастаушы бизнес» номинациясы бойынша жеңімпазға – 8 пайыздық мөлшерлемемен 40 миллион теңгеге дейін жеңілдікпен қаржыландыру береді.

*Несие банктің ішкі ережелеріне сәйкес қарастырылады

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

2024 жылдың 14 және 28 маусым аралығында

барлық қатысушылар үшін білім беру бейне дәрістері қолжетімді болады

Дәрістерді бизнес саласындағы сарапшылар жүргізеді. Әр дәрістен кейінқатысушылар алған білімдерін тексеру үшін сынақтардан өтеді. Бұл байқаудыңкелесі кезеңдеріне қатысу үшін міндетті қадам.

80%

келесі бейнені көру үшін тестілеуден өтудің ең төменгі шегі

Қатысушылар тестті қайта тапсыра алмайды. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, байқаудың келесі кезеңіне өту үшін барлық оқу дәрістерін мұқият тыңдап, жазып алуды ұсынамыз.

She’s Next, Empowered by Visa-ның Қазақстандағы ресми серіктесі – Halyk.

Halyk қатысушы кәсіпкерлерге арнайы шарттар мен өнімдер ұсынады. QR кодты сканерлеп, бизнеске арналған қосымша – Halyk ұсынған Onlinebank-ты жүктеңіз.

БАСТАМА КЕЗЕҢДЕРІ

Тіркеу

29 ақпан - 13 маусым

She’s Next платформасына тіркелу

1

Оқу кезеңі

14 - 28 маусым

14 маусымда қатысушылар білім беру лекцияларына қол жеткізе алады. Әрбір лекциядан кейін біліміңізді тексеру үшін тест тапсыру керек. Білім беру кезеңін сәтті аяқтаған қатысушылар сертификаттарға ие болады.

2

Бизнес-жоспар

29 маусым - 10 шілде

Әйел кәсіпкерлер іріктеу кезеңіне қатысу үшін бизнес-жоспарларын ұсынады. Финалға өту үшін бизнес сарапшылары 12 жобаны (әр номинацияда алтыдан) таңдайды.

3

Онлайн дауыс беру

22 - 26 шілде

Жобаның финалистері арасында ашық дауыс беру. Ең көп дауыс жинаған екі қатысушы («Қолданыстағы бизнес» санатынан бір қатысушы және «Бастаушы бизнес» санатынан бір қатысушы) «Халық таңдауы» номинациясында 3 миллион теңге көлемінде грант алады.

4

Финал

1 тамыз

Финал және ашық дауыс беру үшін іріктеліп алынған барлық финалистер Алматыда өтетін республикалық финалға шақырылады – She’s Next Pitch Day. Оның барысында қазылар алқасының алдында екі номинация бойынша 12 жобаның тұсаукесері өтеді, сондай-ақ жеңімпаздарды жариялау және марапаттау болады. Әр номинация бойынша жеңімпаз 7 миллион теңге алады.

5

She’s Next Day сіздің қалаңызда

Биылғы жылы She’s Next іс-шаралары Қазақстанның 8 қаласында өтеді.

Қалаңыздағы іс-шараға қатысу үшін «ҚАТЫСУ» түймесін басып, сауалнаманы толтырыңыз. She’s Next Day-да табысты бизнес құра алған қазақстандық әйел кәсіпкерлер сөз сөйлейді.

5 наурыз
12 наурыз
27 наурыз
30 сәуір
14 мамыр
21 мамыр
30 мамыр
6 маусым
Атырау
Ақтөбе
Қостанай
Павлодар
Өскемен
Қарағанды
Қызылорда
Шымкент

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР:

Иә, сіз байқауға «Бастаушы бизнес» санатында қатыса аласыз. Сізге дәрістер мен тесттер қол жетімді болады және сіз қазылар алқасының бағалауы үшін бизнес-жоспарды ұсына аласыз. «Бастаушы бизнес» санатында екі жеңімпаз – онлайн дауыс беру нәтижелері және бизнес-жоспар таныстырылғаннан кейін сарапшы қазылар алқасының таңдауы негізінде анықталады.

Білім беру кезеңі 14 маусымда басталады. Әзірге сізге Қазақстанның түрлі қалаларында өтетін іс-шаралар кестесімен танысып, жақын жердегі қалаға баруыңызға болады, сондай-ақ Telegram арнасындағы және shesnext.kz сайтындағы жаңалықтарды бақылай аласыз – біз пайдалы мақалалар мен материалдармен бөлісеміз.

Әрине! 8 қалада өтіп жатқан She’s Next Day-ге бару бастамаға қатысудың міндетті шарты емес. Іс-шаралар әйел кәсіпкерлерге пікірлес адамдармен танысуға және сарапшылардың сөздерін тыңдауға мүмкіндік ретінде өткізіледі.

Биылғы жылы She’s Next бастамасына Қазақстан Республикасының азаматтығы бар кәсіпкерлер және болашақ кәсіпкерлер ғана қатыса алады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

ҚОЛДАУЫМЕН

Өтінішіңізді жіберіңіз